Батыс Қазақстанда 98,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 98,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
None
None

Жыл басынан бері жергілікті бюджет есебінен 20,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Бұлар - Оралда ардагерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға арналған 240 пәтерлік және жас отбасылар үшін салынған 90 пәтерлік үйлер.

Республикалық қазына есебінен Тасқала ауданы орталығында 331 шаршы метр жалгерлік, коммуналдық және Зеленов ауданы Щапов ауылында 222 шаршы метр несиелік үй пайдалануға берілді. Тұрғындар 77,5 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосты.

Соңғы жаңалықтар