12:56, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда ағасы өз інісін өлтірді
ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында 4 желтоқсан күні таңертең өз үйінен тамағынан пышақ жарақаты бар 1961 жылғы азаматтың мүрдесі табылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына барған полицейлер інісін 55 жасар ағасы өлтіргендігін анықтады. Қылмыс орнынан пышақ тәркіленіп, аталмыш азамат уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.