Батыс Қазақстанда алдағы күндері жел күшейеді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша Орал қаласы мен облыстың кей жерлерінде 24-26 сәуір күндері солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек.
None
None

Осыған байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. Өңірде тұрғындар арасында төтенше жағдайдың алдын алу, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.

Облыста су тасқыны жөнінен жағдай қалыпты. Жайық өзені деңгейі Январцев, Тайпақ, Сарыөзен Қошанкөл ауылы тұсында сәл-пәл көтерілгенімен, жалпы тасқынның беті қайтты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум