09:38, 19 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда алдағы жылы шағын кәсіпкерлік нысандары өндіретін өнім көлемі 77,4 млрд. теңгеге жетпек
ОРАЛ. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында алдағы жылы шағын кәсіпкерлік нысандары өндіретін өнім көлемі биылғыдан 8,5 пайызға артып, 77,4 млрд. теңгеге, ал 2014 жылы 1,5 есеге көбейіп, 105,7 млрд. теңгеге жетпек,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған болжамына қарағанда, 2010 жылы шағын кәсіпкерлік саны биылғыдан 4,1 пайызға асып түсіп, 29,2 мыңға, 2014 жылы 23,5 пайызға өсіп, 34,6 мыңға жетіп жығылмақ. Жұмыс жасайтындар саны да 2010 жылы 4,0 пайызға (65,1 мың адам), 2014 жылы 22,8 пайызға (76,9 мың адам) көбеймек. Облыстың экономикалық белсенді тұрғындарына шаққанда шағын кәсіпкерлікте еңбек ететіндер саны келер жылы биылғы 18,6 пайыздан 19,4 пайызға, 2014 жылы 22,6 пайызға жетпек. Сондай-ақ бір қызметкерге есептегенде, өнім мен қызмет көлемі 2010 жылы - 4,3, 2014 жылы 20,7 пайызға ұлғаймақ.