Батыс Қазақстанда әлеуметтік сала нысандарының құрылысы жалғасуда
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Теміржан Шәкімовтің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қаратөбе мен Тасқала аудандары орталықтарында интернаттарымен екі мектеп салынуда. Сондай-ақ Теректінің Яик, Шыңғырлаудың Қуағаш ауылдарында биыл жаңа мектептер пайдалануға берілмек. Зеленов ауданы Октябрь ауылында бастауыш мектептің жобалау жұмыстары аяқталып келеді. Оралда «ҚПО б.в.» компаниясы қаржысына 280 орындық балабақша құрылысы жалғасуда. 2010 жылы Оралға қарасты Желаев кентінде 140 орындық балабақша, Зеленов ауданы Январцев балалар үйі үшін монша, Қазталов ауданы орталығында 280 орындық балабақша, Орал қаласында 320 орындық балабақша, 1200 орындық мектеп және «ҚПО б.в.» қаржысына 320 орындық балабақша құрылысын бастау жоспарланып отыр.
«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Оралда 200 төсектік облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен ауысымына 500 адамды қабылдайтын емхана, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 250 адамды қабылдайтын аудандық емхана, Теректі ауданы Ақжайық ауылында 100 төсектік аудандық аурухана, Зеленов ауданы Переметный ауылында 120 төсектік аудандық аурухана құрылысы жалғасуда. Республикалық бюджет қаржысы есебінен Орал қаласында 150 төсектік онкологиялық диспансер құрылысын да бітіру көзделуде. Оралға қарасты Желаев пен Круглоозерный кенттерінде дәрігерлік амбулаториялар салынуда. Биыл сондай-ақ Қазталов ауылында қарттар үйі және Оралда белгілі бір тұрағы жоқ әйелдерді сауықтыру мен бейімдеу орталығы құрылысын бастау жоспарлануда. Қазталовта спорт кешені де бой көтереді.