Батыс Қазақстанда артиллериялық снарядтың жарылғышы табылды

ОРАЛ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 29 сәуір күні Ақжайық ауданы Сахарный ауылының 1957 жылғы тұрғыны М. деген азамат елді мекен маңынан артиллериялық снаряд жарылғышына ұқсайтын зат тауып алған.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, оқиға орнына жеткен мамандар аталмыш заттың азамат соғысы уақытындағы диаметрі 76 мм артиллериялық снарядтың жарылғышы екенін анықтады. Сол күні жарылғыш зат ішкі істер департаменті «Арлан» бөлімшесі саперлерінің күшімен жойылды.

Соңғы жаңалықтар