Батыс Қазақстанда аудандық газеттер арасында «Үздік бұқаралық ақпарат құралы» анықталды

ОРАЛ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы биылғы ақпанда партияның 10 жылдығына орай аудандық газеттер арасында «Үздік бұқаралық ақпарат құралы» облыстық байқауын жариялаған болатын.
None
None

Облыстық филиалдың қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі Ғазиз Қошаевтың хабарлағанындай, аудандық газеттер партияның сан салалы қызметін барынша жазып көрсетті. Байқау қорытындысында Тасқала аудандық «Екпін» газеті (редакторы Сатыбалды Ашығалиев ) жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар