07:31, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда ауыл тұрғыны өз ауласында көкнәр өсірген
ОРАЛ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Володарка ауылының 55 жасар тұрғыны өз ауласында көкнәр өсірген.
БҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Андрей Хлевиннің айтуынша, оның аумағы 12 шаршы метрді құраған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 262-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Биылғы 1 маусымнан бастау алып, 30 қазанға дейін созылатын «Көкнәр» жедел алдын алу шарасы барысында екі есірткі ұясы әшкереленіп, үш адам есірткі саудасымен ұсталса, соның екеуі әйел болып отыр.
Биыл есірткі қатысты 79 қылмыс тіркелсе, соның 72-сі есірткі сатуға қатысты.
Бір қуантатыны, нашақорлар азайып келеді, олардың саны - 924, бұлардың ішінде жастар некен-саяқ.