Батыс Қазақстанда ауылдарды газдандыру жұмысы жалғасады - Н.Ноғаев

ОРАЛ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары өңірде айрықша қарқынмен атқарылып жатқан істердің бірі - ауылдарға газ тарту. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
None
None

Әкімнің айтуынша, биыл Ақжайық ауданының Базартөбе, Қадыркөл, Қызылжар, Базаршолан, Қарауылтөбе, Томпақ ауылдарына, Қазталов ауданының Қарасу және Беспішен, Шыңғырлау ауданының Тасмола, Жәнібек ауданының Жасқайрат, Көлтабан, Құрсай елді мекендеріне көгілдір отын барады.   

Жергілікті қаражат есебінен Қаратөбе ауданының Қалдығайты ауылына газ тарту жұмысы аяқталады. Осы арқылы Соналы, Үшағаш елді мекендеріне тартылады.

Сырым ауданының Алғабас, Тасқұдық, Талдыбұлақ, Қазақстан ауылдарындағы 14 әлеуметтік нысанға көгілдір отын жеткізіледі.

«Бұдан басқа Ақжайық, Теректі, Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандары бойынша 13 құрылыстық-жобалау сметасын жасауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Техникалық-экономикалық негіздеу жұмыстары Бөкей ордасы, Қазталов, Теректі аудандары бойынша жалғасын табады», деді әкім.

Соңғы жаңалықтар