11:15, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда «Айдап кету» жедел алдын алу шарасы өткізілуде
ОРАЛ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында мамырдың 3-6-сы аралығында республикалық «Айдап кету» жедел алдын алу шарасы өткізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық жол полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, рейдтік шаралар автокөлікті қараусыз қалдырмау, оған айдап кетуге қарсы құралдар орнату, сондай-ақ гараждарды техникалық жағынан нығайту керектігін көрсетіп отыр.
Биыл жыл басынан бері өңірде 24 автокөлік айдалып кетіліп, олардың бәрі де ашылған. Өткен аптаның өзінде осындай бір оқиға тіркеліп, автокөлік иесіне қайтарылды.