Батыс Қазақстанда азаматтар құқығының бұзылуына жол берген 40 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды

ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2009 жылы мен биылғы екі айда облыста қылмыс жасаған күдікпен 818 азамат ұсталса, соның 25-і - кәмелетке толмағандар, 32-сі - әйелдер,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратура тергеу және анықтау заңдылығын қадалағалау басқармасының бастығы Закария Саралеевтің айтуынша, прокурорлардың араласуымен ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінде заңсыз ұсталған 39 азамат босатылған. Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша азаматтардың конституциялық құқығының бұзылуына жол берген қылмыстық қудалау органдарының 40 қызметкері - тәртіптік, төртеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мәселен, өткен жылы екі азаматқа дене жарақатын салған төрт бірдей полиция қызметкерінің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде полиция қызметкерлері М.Байсенов пен Ж.Оразәлиевтің Ж.Құсекеновке дене жарақатын салғаны анықталып, бұлар шартты түрдегі мерзімге кесілді. Биыл да М.Колпаков (Зеленов ауданы) пен С.Сарин (Бөрлі) деген азаматтарға дене жарақатын салу фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғалып, қазір тергелу үстінде. Прокуратура тарапынан басқа да заңбұзушылықтарға тосқауыл қойылды.

Соңғы жаңалықтар