Батыс Қазақстанда бадминтон спорты дамымақ

ОРАЛ. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Ақжайық ауданының орталығы - Чапаевта «БҚО бадминтон федерациясы» қоғамдық бірлестігі бадминтон ойынының ережелері бойынша семинар-таныстырылымын өткізді.
None
None

Семинарды Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің спорт залында «Конденсат» компаниялар тобы ұйымдастырды. Оған аудан орталығындағы мектеп оқушылары, спортшылар шақырылды. Шараның мақсаты - балалар мен жастар арасында бадминтонды насихаттау және дамыту.

Семинарда «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мұрат Кеңесов концорциумның бадминтон ойнаушыларды осымен 10 жыл қатарынан қолдап келе жатқанын, концорциум қызметкерлерінің «Денсаулық» спартакиадасының бағдарламасына қосылғанын айтты. сонымен қатар ол семинарға қатысушыларға спорттың жаңа түрін меңгеруде табыстар тілеп, үш мектепке бадминтонға арналған спорттық құрал-жабдық жиынтығын табыс етті.

Қатысушылар бадминтон ойынының тарихы, оның Қазақстанда дамуы туралы слайд тамашалап, ойын үлгілерін көрді.

Мектеп директорлары және концорциум қызметкерлері арасында бадминтонды дамыту бағытындағы бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар