17:56, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бес айда өрттен келген шығын 108 млн. 449 мың теңгеге жетті
ОРАЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бес айда 252 өрт оқиғасы болып, одан келген шығын 108 млн. 449 мың теңгені құрады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өткен жылы осындай мерзімде 272 өрт тіркеліп, одан келген шығын 114 млн. 721 мың теңгеге жеткен болатын.
Өткен жылғы бес айда тілсіз жаудан 17 адам зардап шегіп, 8 адам қаза тапса, биыл бұлардың саны сәйкесінше 9 және 4 болып отыр.
Өңірде өрт, әсіресе, Теректі, Бөкей ордасы, Ақжайық аудандарында көбейіп тұр.