Батыс Қазақстанда бес бірдей полицей сотталды

ОРАЛ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен облыстың екі тұрғынын қинағаны үшін бес полиция қызметкері ҚР ҚК 141-1-бабы және 346-бабы 1-бөліміне сәйкес түрлі мерзімге бас бостандығынан айрылды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2011 жылғы маусымда аталған полицейлер Ақжайық ауданы Ақсуат ауылының екі тұрғынын Жаңақала ауданы Қызылоба ауылынан 17 бас жылқы ұрлағандығын мойындату үшін аулаққа алып кетіп, қинаған, олардың намысына тиетін әрекеттерге барған. Соның салдарынан жәбірленушілерге дене жарақаттары келтірілген.

Сотталғандардың екеуі 4, және екеуі 3, біреуі екі жылға сотталды. Олар жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады әрі үш жыл құқық қорғау органдарында қызмет істей алмайды. Сонымен қатар полиция капитаны және лейтенанты шендерінен айрылды. Әр сотталушыдан жәбірленушілердің пайдасына 30 мың теңге көлемінде моральдық залал өндірілді.

Соңғы жаңалықтар