Батыс Қазақстанда білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығы тиянақталып келеді

ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығы тиянақталып келеді.
None
None

Бұл туралы облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сабыров мәлім етті.

Оның айтуынша, 2 млрд. 353 млн. теңге бөлініп, осы қаржыға 44 білім ордасы күрделі жөнделуде, бұл жұмыс әрі кеткенде тамыздың 25-ына дейін бітпек. Мектептерді ағымдағы жөндеу ісі аяқталды, бұған 311 млн. теңге жұмсалды. Мектептерді жылытуға қажетті көмірдің 60 пайызы тасылса, қалғаны және сондай-ақ сұйық отын да осы айдың соңына дейін жеткізілмек.

Соңғы жаңалықтар