Батыс Қазақстанда бірнеше ұрлық оқиғалары ашылды

ОРАЛ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бірнеше ұрлық оқиғалары ашылды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Теректі ауданы Ақжайық ауылы тұрғынының үйіндегі тоңазытқыштан 5 келі қой еті ұрланған. Полицейлер ұрлықты бұрыннан ішкі істер органдарында есепте тұратын 45 жасар ауыл тұрғыны жасағанын анықтады.

Жаңақала аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері екі ай бұрын жасалған мал ұрлығын ашты. Сол түні Салтанат елді мекенінің тұрғынынан далада жүрген жерінен жылқы қолды болған еді. Жедел іздестіру шаралары барысында мұның бұрыннан осындай «кәсіппен» айналысып, көзге түскен 25 жасар көрші ауыл тұрғынының «ісі» екендігі белгілі болды. Жылқы етін жаратып үлгерген ол қылмысын мойындады.

«Шаршы» жедел алдын алу шаралары барысында оралдық полицейлер автомобиль аккумуляторларын қоймаған 19 жасар қала тұрғынын қолға түсірді. Айталық, ол 16 қараша күні үш бірдей автомобильді үптеп кеткен. Уақытша оқшаулау изоляторына қамалған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар