11:22, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда биыл жаңадан 10 мектеп, 3 балабақша салынатын болады
ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл жаңадан 10 мектеп, 3 балабақша салынатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, бұл мақсатқа 2 млрд. 896,7 млн. теңге қарастырылды. Оған қоса биыл 51 білім нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Бұған 2 млрд 346,1 млн. теңге бөлінді.
Өткен 2008 жылы жаңа 5 мектеп, 2 балабақша салынса, 17 балабақша қайта жаңғыртылып, 77 білім ордасы, 6 балабақша күрделі жөндеуден өткен болатын.