Батыс Қазақстанда Бөкей ханға байланысты деректі фильм түсірілмек

ОРАЛ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Бөкей ханға байланысты деректі фильм түсірілмек.
None
None

Мұны өңірге танымал кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Жәкібаев қолға алып отыр. Осыған орай Орал қаласына Ижевскіден режиссер Лев Вахитовтың түсіру тобы келіп, материалдар жинақтады. Олар сондай-ақ Астрахан облысындағы Кіші Арал ауылы маңындағы Бөкей ханның бейітінде де болды. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбековтің бастамасымен онда кесене көтерілуде. Бұл іске атыраулық Мұхит Ізбанов бастаған кәсіпкерлермен қатар М.Жәкібаев та қолұшын берді. Кесенені биылғы қыркүйекте екі ел басшыларының қатысуымен Астраханда өтетін шекаралас аймақтар форумында ашу көзделіп отыр. Деректі фильм де сол тұста дайын болмақ.

М.Жәкібаевтың айтуынша, болашақта Бөкей хан өмірі туралы көркем фильм түсіру ойда бар. М.Жәкібаевтың продюсерлік орталығы осыған дейін Ұлы Отан соғысына байланысты «Жеңіс тарихы», қазақтың тұңғыш ұшқыш қыздарының бірі, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова және атақты конструктор Михаил Калашников туралы деректі фильмдер түсірген болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум