09:54, 16 Қараша 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 107,2 млрд. теңгеге жетті
ОРАЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда бөлшек сауданың көлемі 107,2 млрд. теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде сауда кәсіпорындары 40,0 млрд. теңгенің, базарлардағы сатушылар және сауда нысандары бар жеке кәсіпкерлер 67,2 млрд. теңгенің тұтыну тауарларын өткізді.
Ірі және орта кәсіпорындар 23,1 млрд. теңгенің (21,6 пайыз), шағын кәсіпорындар - 16,9 млрд. теңгенің (15,8 пайыз), жеке кәсіпкерлер - 45,6 млрд. теңгенің (42,5 пайыз), базарлар 21,6 млрд. теңгенің (20,1 пайыз) бөлшек саудасын жасады.