18:52, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 96,1 млрд. теңгеге жетті
ОРАЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда бөлшек сауда көлемі 96,1 млрд. теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 15,3 пайызға артық. Соның ішінде сауда кәсіпорындары 36,0 млрд. теңгенің, базарлардағы сатушылар мен сауда нысандары бар жеке кәсіпкерлер 60,1 млрд. теңгенің тауарын өткізді.