Батыс Қазақстанда дала өрттерін болдырмау бағытында шаралар алынуда

ОРАЛ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында дала өрттерін болдырмау бағытында шаралар алынуда.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 23 сәуірге дейін облыс аумағында дала, орман өрттері тіркелген жоқ. Тек 20 га дала жерінің жануы тіркелді. Өткен жылы өңірде 172 мың га осындай жер (2010 жылы 1860 мың га, саны - 949, 2011 жылы - 340 мың га, 284) жанған. Жыл сайын дала өрттерінен Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе, Қазталов, Сырым және Шыңғырлау аудандары көбірек зардап шегеді.

2013 жылы БҚО жұмылдыру әзірлігі, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы төтенше жағдайларды жою үшін жанар-жағар май алуға 32 млн. теңге қарастырды. Сондай-ақ облыс резервінде 500 дана өрт сөндіргіш, 40 мотопомпа бар.

Шаруашылық нысандарында өртке қарсы 2636 адамды, 467 техниканы қамтыған 624 ерікті құрылым (ауылдық жерлерде - 256) құрылған. Оған қоса 72 негізгі техника, жеке құрамнан 790 қызметкер тартылады.

Соңғы жаңалықтар