18:02, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда дәнді дақылдар себу жоспары артығымен орындалып отыр
ОРАЛ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында дәнді дақылдар себу жоспары қазірдің өзінде 106 пайызға орындалып отыр.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбековтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өңірде 500 мыңнан астам гектар алқапқа тұқым себілді. Соның ішінде бидай егу 117 пайызға орындалды. Өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев таяуда республикалық телеарналарға берген сұхбатында да астықты әлемдік нарыққа шығару қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Қазіргі кезде, сондай-ақ тары, күнбағыс, бау-бақша дақылдарын егу де жалғасуда.
Биылғы көктемде жауын-шашынның жиі болып, ылғалдың мол түсуі диқан қауымын бітік егіннен үміттендіріп отыр.