Батыс Қазақстанда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес ауылдарға 500-дей маман бармақ

ОРАЛ. 15 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес биыл жыл аяғына дейін ауылдарға 500-дей маман бармақ.
None
None

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Райса Еркеғалиеваның айтуынша, мамандарға биыл біржолғы көтермеақы беру үшін 102,267 млн. теңге бөлінді. Күні бүгін ауылдарға 329 маман орналасты. Олардың 70 пайыздан астамы мұғалімдер болса, 15 пайызы  - медицина, қалғаны - басқа сала қызметкерлері. Биыл алғаш рет оннан астам мал дәрігері де бағдарламаның шапағатын көрді.

Сонымен қатар мамандар баспаналы болуы үшін 672,279 млн. теңге несие қарастырылған. Бұл сома несие шарты бойынша келесі жылғы 25 қазанға дейін игерілуі керек.

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес үш жыл ішінде өңірде 2 мыңнан астам жас маман өз орындарын тапты. 

Соңғы жаңалықтар