07:55, 24 Тамыз 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда екі адам есірткімен ұсталды
ОРАЛ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да «Көкнәр» жедел алдын алу іс-шаралары барысында екі адам есірткімен ұсталды.

Облыстық ішкі істер департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, тамыздың 16-сында Орал қалалық ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері Жәңгір хан көшесінде Ж. деген азаматқа 1,36 грамм героин сатқан 33 жасар ер адамды қолға түсірді. Жеке тінту кезінде сол азаматтан 1,11 грамм героин табылса, «Фольксваген-Гольф-3» автокөлігінен сатуға арналған 3,27 грамм героин тағы шықты.
Тамыздың 18-інде Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі Приурал криминалдық полициясы қызметкерлері Мичурин ауылынан кәмелетке толмаған А-ны ұстады. Одан сараптама қорытындысына сәйкес 247,48 грамм кептірілмеген марихуана тәркіленді.