11:58, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер берген несие 86,3 млрд. теңгеге жетті
ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында екінші деңгейдегі банктер берген несие 86,3 млрд. теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері банктер 28,5 млрд. теңге несие бөлсе, соның 78,9 пайызы - заңды, 21,1 пайызы жеке тұлғаларға берілген. Соның ішінде 11230,2 млн. теңге - сауда, 3821,2 млн. теңге - ауыл шаруашылығы, 2374,3 млн. теңге - өнеркәсіп, 1255,5 млн. теңге құрылыс саласына салынған.
Банктердегі салымдар 36,9 млрд. теңгеге жетсе, соның 89,3 пайызы тұрғындар үлесіне тиеді. 22627,1 млн. теңге ұлттық, 14252,9 млн. теңге шетелдік валютамен салынған.