Батыс Қазақстанда ел аумағында болу ережесін бұзған Грузия азаматшасына айыппұл салынды

ОРАЛ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Н.Гардиашвили есімді Грузия азаматшасы 2012 жылдың қыркүйек айында Зеленов ауданында тұратын өзінің ағасына келген болатын.
None
None

Алайда екі айға ел аумағында болам деп тіркелген ол 2013 жылдың сәуір айына дейін кажетті құжаттарды рәсімдемеген.

Зеленов аудандық №2 сотының баспасөз хатшысы Сәуле Қайсарованың хабарлағанындай, осы жағдайды миграциялық полиция қызметкерлері анықтап, оған қатысты әкімшілік өндіріс қозғалады. Іс сотқа келген кезде құқықбұзушы өзінің кінәсін толықтай мойындаған.

Әкімшілік істі қарау барысында, судья оның кінәсін іс- материалдарымен анықталған деп тапты, оның әрекеттері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 394-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни шетелдiктiң ел аумағынан белгiленген мерзiмдерде қайтып кетуден жалтаруы белгілерімен сипатталады.

Судья құқықбұзушылық жасағаны үшін Грузия азаматшасына 40 АЕК мөлшерінде 69240 теңгеге айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар