Батыс Қазақстанда Елбасы Жолдауынан кейін қосымша 3 мың әлеуметтік жұмыс орны ашылатын болады

ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауынан кейін қосымша бөлінетін қаражат есебінен тағы да 3 мың әлеуметтік жұмыс орнын және 2 мың жасқа тәжірибелік орын ашу көзделіп отыр.
None
None
Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Табылғали Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұған дейін өңірде 1350 әлеуметтік жұмыс орны мен жастар үшін 200 орын ашу жоспарланған болатын. Осы орындарға жұмыссыздар, тұрмысы төмендер, жасы 21-ге толмағандар, жалғызбасты немесе көп балалы ата-аналар, зейнет жасына жақындаған жандар, мүгедектер, әскерден келгендер, жазасын өтегендер, яғни қоғамның әлсіз буыны тартылатын болады.
Соңғы жаңалықтар
Референдум