Батыс Қазақстанда гипертонияның алдын алу онкүндігі өткізілуде

ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қыркүйектің 20-30-ы аралығында Дүниежүзілік жүрек күні аясында артериальды гипертонияның алдын алу онкүндігі өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Светлана Ермекқалиеваның айтуынша, онкүндіктің басты мақсаты - аталмыш кеселдің алдын алу, оның асқынуына жол бермеу үшін бастапқы сәтінде анықтау. Елімізде 1,5 миллионнан астам адам гипертониямен сырқаттанады екен, соның тең жартысы ауыратынын сезінбейді де.

Онкүндік барысында осыған дейін аталмыш орталық қызметкерлері Батыс Қазақстан медицина колледжі студенттерімен бірлесіп «Мирлан» орталық базарында жұмыс жасайтындардың қан қысымын өлшесе, бүгін Орал қаласындағы №4 емханада ашық есік күні өткізілді. Осындай шара қыркүйектің 28-інде кардиодиспансерде ұйымдастырылмақ. Онкүндік аясында келушілерді тәжірибелі дәрігерлер қабылдап, кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар