Батыс Қазақстанда граната табылып, жойылды

ОРАЛ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат -  7 желтоқсан күні Орал қаласына қарасты Желаев кентіндегі мектеп жанында өлшеу жұмыстарын жүргізу кезінде арықтан гранатаға ұқсас зат табылған.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мамандардың анықтауынша, ол «Ф-1» гранатасы болып шыққан.

Сол күні облыстық ішкі істер департаменті «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің саперлері гранатаны аулаққа апарып, жойды.

Соңғы жаңалықтар