12:24, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда халық театрлары байқауы мәреге жетті
ОРАЛ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тасқала ауданы орталығында халық театрларының облыстық байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнер додасына барлығы сегіз театр қатысып, қорытындысында Тасқала аудандық халық театры бірінші орынға ие болды. Сырым ауданы - екінші, Қаратөбе театры үшінші орынға көтерілді. Жүлдегер ұжымдар дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.