Батыс Қазақстанда халық театрларының байқауы өткізілуде

ОРАЛ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданында аудандық халық театрларының облыстық байқауы өткізілуде.
None
None

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айгүл Дүйсенованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, байқауға Тасқала, Ақжайық, Жәнібек, Қазталов, Жалпақтал, Қаратөбе, Сырым аудандық және осы ауданнан Бұлан халық театрлары қатысуда. Байқау тасқалалықтар қойған белгілі драматург, ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасымен» (режиссері Жанар Бисенғалиева) ашылды. Бүгін С.Садықов атындағы Қазталов, М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал театрлары өнер көрсетеді.

Байқау тамыздың 13-інде қорытындыланып, жеңімпаздар анықталмақ.

Соңғы жаңалықтар