Батыс Қазақстанда инфляция деңгейі 102 пайызды құрады

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы 2,3 пайызға өсті. Еттің бағасы 7,7, соның ішінде шошқа еті - 1,5, жылқы еті - 9,6, қой еті - 11,5, сиыр еті 12,6 пайызға көтерілді.
Жеті айда көкөніс бағасы - 5, соның ішінде қызылша - 7,4, сабақты пияз - 9,8, қияр мен қызанақ 28,6 пайызға төмендеді. Картоп 5,5 пайызға арзандады. Осы кезеңде сүт өнімдері - 0,2, май және тоңмай - 3,2, жұмыртқа - 12,9, жарма 13,9 пайызға түсті.
Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда облыста жоғары және бірінші сұрыпты бидай ұны, қара бидай наны, жоғары және бірінші сұрыпты бидай наны, кеспе, сиыр еті, қой еті, тауық еті, шошқа майы, қызылша, ашытқы, бананға ең төменгі баға қалыптасып отыр.