18:30, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда инфляция деңгейі 103,9 пайызды құрады
ОРАЛ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тамызда өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда инфляция деңгейі 103,9 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, биылғы сегіз айда азық-түлік тауарларының бағасы 5,5 пайызға өсті. Май - 2,5, қант 6,9 пайызға қымбаттаса, есесіне ұн - 9,2, күріш - 6,5, жұмыртқа - 22,8, жаңа сауылған сүт 8,2 пайызға арзандады.