Батыс Қазақстанда Интернет қызметі 43,1 пайызға өсіп отыр

ОРАЛ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында пошта және курьерлік қызмет кәсіпорындары биылғы бірінші жартыжылдықта 122,7 млн. теңгенің қызметін көрсетті,
None
None

бұл өткен жылғыдан 1,0 пайызға артық. Ал электрлік байланыс кәсіпорындары 2825,0 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл 7,8 пайызға көп.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, әсіресе, Интернет қызметі тез қарқынмен дамып, 43,1 пайызға өсіп, 584,4 млн. теңгеге жетті. Сондай-ақ мәлімет беру қызметі 12,7 пайызға көбейіп, 9,9 млн. теңгені құрады.

Биылғы алты айда Интернет жүйесі абоненттерінің саны 27,1 мың адамға жетіп, өткен жылғыдан 26,0 пайызға асып түсті немесе облыстың 10 мың тұрғынына есептегенде 436-дан келеді.

Алты айда жергілікті телефон жүйесі негізгі телефон аппараттарының саны 144,5 мыңды құраса, соның 126,7 мыңы тұрғындар еншісінде.

Соңғы жаңалықтар