Батыс Қазақстанда инвестиция көлемі 118 млрд. теңгеге жетті

ОРАЛ. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда инвестиция көлемі 118 млрд. теңгеге жетті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, инвестицияның басым бөлігі немесе 75 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 7,8 пайызы - көлік пен қойма, 5,6 пайызы - денсаулық сақтау, 4,2 пайызы - жылжымайтын мүлікпен жұмыс, 1,6 пайызы - білім беру, 1,3 пайызы - сауда, 1 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалып отыр.

Инвестицияның басым көпшілігі Бөрлі ауданында (64,9 млрд. теңге), Зеленовта (26,7 млрд. теңге) және Орал қаласында (15,3 млрд. теңге) шоғырланған.

Соңғы жаңалықтар