14:19, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда инвестицияның басым бөлігі өнеркәсіпке жұмсалып отыр
ОРАЛ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда инвестиция көлемі 198,3 млрд. теңгені құрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 1,8 пайызға аз болғанымен, облыстың сегіз ауданында өсім бар. Әсіресе, Теректіде - 6,6, Қазталовта - 4, Жаңақалада - 2,9, Тасқалада 2,3 есеге артты.
Инвестицияның 80,8 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 6,3 пайызы - көлік пен байланыс, 6,1 пайызы - жылжымайтын мүлікпен іске, 1,7 пайызы - білім беру, 1,6 пайызы денсаулық сақтау саласына жұмсалды.
Инвестицияның 119611,3 миллионы шетелдік болса, 14722,0 миллионы - бюджеттік, 63969,6 миллионы - кәсіпорындардың өз қаржысы.