Батыс Қазақстанда «Қарашығанақ-Орал» газ құбыры құрылысының екінші кезеңі жүргізілуде

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда «Қарашығанақ-Орал» газ құбыры құрылысының екінші кезеңі жүргізілуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, биыл Қаратөбе және Сырым аудандарының орталықтары газға қосылатын болады. Бұл 92 мың халқы бар 146 елді мекенге көгілдір отын жеткізуге мүмкіндік береді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес салынып жатқан аталмыш газ құбырының бірінші кезеңі өткен жылғы желтоқсанда аяқталған болатын. Осы құбыр құрылысын жүргізіп жатқан «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы ҚР Үкіметімен жасалған өнімді бөлісу жөніндегі түпкілікті келісімге сәйкес облыстың әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына 1998-2007 жылдары аралығында 121,3 млн. АҚШ долларын бөлген еді. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің араласуымен қазіргі кезде компанияның тек әлеуметтік жобаларға салған инвестициясы 40 млн. долларға жетіп отыр. Жылдық аударым өткен жылдап бастап 10 миллион емес, 20 млн. АҚШ долларына көтерілді.

Аталмыш газ құбыры құрылысына салынған 261 млн. долларды қоса есептегенде «ҚПО б.в.» компаниясының өңірдің әлеуметтік жобаларына бөлген инвестициясы 2007 жылдың күзінен 2009 жылдың аяғына дейін 300 млн. АҚШ долларынан асты.

Соңғы жаңалықтар