10:49, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда қасақана от қою оқиғалары тыйылар емес
ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат - 12 қарашаға қараған түні Ақжайық ауданында қасақана өрт қою оқиғалары болды.
Сол күні Тайпақ ауылында 02.50 сағат шамасында екі көршінің шаруашылық құрылыстарында, 10 минуттан кейін тағы бір, 5 минуттан соң және бір тұрғынның қора-жайларынан от шықты. Соның салдарынан барлығы 24 тонна шөп, 4 мал қорасы, бір тұрғынның құрылыс дүниелері жойылды.
«Қасақана өртеу» деп ұйғарылған бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, өңірде мұндай оқиғалар бұдан бұрын да орын алған болатын.