Батыс Қазақстанда кәсіпкерлер кеңесі құрылды

ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан «Атамекен» одағы ұлттық-экономикалық палатасы БҚО филиалы жанында кәсіпкерлер кеңесі құрылды.
None
None

Кеңес құрамына белсенді кәсіпкерлер, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, бизнес қауымдастықтарының өкілдері енді. Кеңеске Орал қаласындағы «Медициналық орталық» ЖШС мен шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі «Абадан» қауымдастығының директоры Рафхат Истаев басшылық етеді.

«Атамекен» одағы БҚО филиалының атқарушы директоры Айнагүл Ақашаеваның сөзіне қарағанда, кеңес облыс аумағында кәсіпкерлікті өрістетуге ықпал ету, оны өңір мәселелерін шешуге кеңінен тарту мақсатында құрылды. Облыста кәсіпкерлердің түрлі 17 бірлестігі болса, соның төрт-бесеуі ғана белсенді жұмыс жасайды. Сондықтан бірлесе әрекет жасау қажеттілігі туындап отыр. Ең бастысы, өңір мәселелерін облыс әкімдігімен бірлесе отырып шешу. Бұл ретте әкімшілік кедергілерді жою да басты назарда болмақ.

Кеңес отырысы тоқсанына кемінде бір рет өтіп тұрмақ. Сондай-ақ облыстық филиал жанынан жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жастар қанатын құру да ойластырылуда. 

Соңғы жаңалықтар