10:55, 05 Қазан 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда қайырымдылық айлығына орай шаралар өткізілуде
ОРАЛ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда қайырымдылық айлығына орай шаралар өткізілуде.
Орал қаласында спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернаты қарттар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді. Интернат тәрбиеленушілері қойған «Қарттарым - қазынам» атты концерт қариялар көңілінен шықты. Сондай-ақ дзюдо бөлімінің шәкірттері күрес тәсілдерін көрсетіп, шеберлік деңгейін байқатты.
Айлық барысында соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедек жандар мен балаларға арналған шаралар ұйымдастырылуда.