10:03, 01 Мамыр 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен аталып өтілуде
ОРАЛ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Қазақстан халқының бірлігі күні кеңінен аталып өтілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығы Орал қаласында Сырым Датұлы алаңында театрландырылған концерт қойылып, ол өнімдер жәрмеңкесі мен мерекелік сауда-саттыққа ұласты. Абай алаңында жасөспірімдер арасында велоспорттан қала біріншілігі ұйымдастырылса, қалалық мәдениет және демалыс саябағында балалар өнер көрсетеді. Бұл күндері ұлттар достығы тақырыбына арналған кездесулер, қолөнер көрмесі балалар мекемелерінде, аула клубтары мен кітапханаларында өткізілді.
Мәдени-спорттық шаралар қалаға қарасты Зачаган, Деркөл, Желаев, Круглоозерный кенттік округтерінде, сондай-ақ облыс аудандарында да ұйымдастырылуда.