Батыс Қазақстанда Кеден одағына кіру кезінде кәсіпкерліктің даму мәселелері талқыланды

РАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО әкімдігінде облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Кеден одағына кіру кезінде кәсіпкерліктің даму мәселелері талқыланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында атап өтілгеніндей, бизнес қауымдастығына бұл кезең оңайға түспейді. Бастапқыда кедендік рәсімдеуге қатысты қиындықтар болмай қалмайды. Кәсіпкерлердің айтуынша, көп ұзамай жаңа Кодекс бойынша жұмыс жасалатын болады, бірақ оның жобасына қатысты біраз ескертпелер айтылуда. Ең алдымен үш елдегі кедендік рәсімдеуге қатысты түпнұсқа құжаттарға қол жеткізу керек. Кедендік алымдарға қатысты қайшылықтар туындағанда, ол қалай қаралмақ. Сондықтан осындай мәселелердің анық-қанығына жету үшін бизнес қауымдастығы әр өңірдегі атқарушы биліктің қатысуымен Кеден одағы органдарымен тіке байланысқа шығып, кеңесуге мүмкіндік алуы тиіс. Бұл ретте кәсіпкерлер ұсыныс-пікірлерін барынша белсендірек жеткізуі қажет-ақ. Аталмыш мәселе сәуірдің 19-ында Орынбор қаласында «Нұр Отан» мен «Единая Россия» партиялары басшылары, екі ел депутаттарының қатысуымен өтетін жиында да талқыланбақшы.

Соңғы жаңалықтар