10:42, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда кейбір жұқпалы дерттер көбейіп отыр
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтарда жоғары тыныс жолдары дертімен 5911 адам ауырса, сондай-ақ 34 туберкулез, 33 жұқпалы ішек ауруы, 45 педикулез тіркелген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Аудандарда екі сарып (бруцеллез) дерті тіркелген. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, жіті вирусты гепатит 600,0 пайызды құраса, эхинококкоз - 16,7, ішек аурулары 10,0 пайызға көбейіп отыр. Жұқпалы ішек ауруына 33 адам шалдықса, соның 19-ы - 14 жасқа дейінгі балалар.