Батыс Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 10,9 млрд. теңгенің қызметін көрсетті

ОРАЛ. 22 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 10,9 млрд. теңгенің қызметін көрсетті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 10,4 пайызға артық.

Барлық қызмет көрсету көлемі мемлекеттік емес сектор үлесіне тиесілі. Жекеменшік кәсіпорындардың қызмет көрсету көлемі 2,7 млрд. теңге көлемінде (24,3 пайыз), басқа елдердің меншігіндегі заңды тұлғалар мен азаматтардікі 8,2 млрд. теңгені (75,7 пайыз) құрады.

Ірі және орта кәсіпорындар - 9,0 млрд. теңгенің (82,9 пайыз), жеке кәсіпкерлер - 1,4 млрд. теңгенің (13 пайыз), шағын кәсіпорындар 0,5 млрд.теңгенің (4,1 пайыз) қызметін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар