09:55, 09 Тамыз 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда күн қатты ысып тұр
ОРАЛ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бұл күндері күн қатты ысып тұр.

«Қазгидромет» РМК «Батыс Қазақстан гидрометеорология орталығының» мәліметіне қарағанда, 9-10 тамыз күндері облыс аумағында ауа температурасы 33-38, кей жерлерде 41 градусқа дейін жетпек.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан ескерту жарияланып, кәсіпорындар, әсіресе, қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық мекемелер басшыларына тиісті шараларды алу тапсырылды.
Жалпы, биылғы жаз өңір үшін аса ыстық болып тұр. Әсіресе, облыстың оңтүстік аудандарында күннің ыстықтығынан өрт қаупі де күшеюде.