01:38, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Батыс Қазақстанда күн суытады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, өңірде 24-25 қараша күндері түнде ауа температурасы 12-17, кей жерлерде 22 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Сондай-ақ Орал қаласында да күннің 12-14 градусқа дейін күрт суытуы күтіледі.
Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында оқыс оқиғаларға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс желілерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.
Айта кетейік, ауа райын болжаушылар Батыс Қазақстанда биыл қыстың жылдағыдан қаттылау әрі қарсыз болатынын ескертіп отыр. Әсіресе, ақпан айында күн қатты суытпақ.