00:44, 08 Шілде 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда күннің күрт ыситыны жөнінде ескерту жарияланды
ОРАЛ. 8 шілде. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша БҚО-да бүгін, 8 шілдеде күн күрт ысып, 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін жетеді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті осыған байланысты тиісті мекемелерге ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандардың үзіліссіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында шаралар алынуда.
Өңірде өрт қаупі де сақталып отыр.