Батыс Қазақстанда құрылыс индустриясы саласында жаңа өнім түрлерін шығаруға бағыт ұсталып отыр

ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында құрылыс индустриясы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың негізінде асфальтбетон өндірісін, битум, пенобетон, құрылыс мақсатында пластикалық бұйымдар, әрлеу материалдарын, құрылыс қоспаларының әр алуан түрлерін, сыр-бояу өнімдерін өндіруді дамытуға бағыт ұсталып отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, сондай-ақ барланған және пайдалануға дайындалған құрылыс материалдары кеніштері негізінде облыстың Тасқала және Теректі аудандарында орналасқан цемент шикізаты кеніштері негізінде цемент өндіру, Зеленов пен Теректідегі Погодаев керамзитті саз балшық кеніші негізінде бетонға (керамзит) арналған жеңіл толтырғыштар дайындау, Бөрлідегі Ақсай кеніші негізінде құрылыстық әкті дайындау жөніндегі өндірісті ашу, Зеленовтағы Цыганов кварц жынысты құм кеніші негізінде әйнек өндірісін ұйымдастыру, Теректідегі Федоров-2 қыш шикізаты кеніші негізінде керамикалық бұйымдар (плиталар) өндіру үшін қыш өндіру және басқа өндіріс орындарын игеруге мүмкіндік бар. Жалпы, бұл салада облыс аумағында «Гидромаш-Орион-МЖБК» компаниясы, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы», «Құрылыс комбинаты», «Батыс құрылыс материалдарының комбинаты», «Билдинг Материалз Компани», «Базальт-Волокно», «СВ-плюс» фирмалары, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» сияқты ірі және орта құрылыс индустриясы кәсіпорындары, сондай-ақ бірқатар шағын бизнес нысандары жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындар силикат және керамикалық кірпіш, темірбетон және бетон бұйымдары мен түзілістері, плиталар, тақтатастар мен тастар, металл құрастырмалар, керамзит, жылу оқшаулайтын материалдар, пенобетон, бор, әк және құрғақ құрылыс қоспалары, ағаш бұйымдары, есік, терезе, декоративті бұйымдар шығарады. Сонымен қатар облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласында 34 жер қойнауын пайдаланушы өз қызметтерін атқарады. Олар құрылыс құмын, саз балшықты шикізатты, құм-топырақ қоспасын, бор, құрылыс гипсін, тастар мен басқа да құрылыс материалдарын өндіруді жүзеге асырады.
Соңғы жаңалықтар