Батыс Қазақстанда қыркүйек айында азық-түлік тауарлары арзандады

ОРАЛ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қыркүйекте алдыңғы аймен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы 0,5 пайызға арзандады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Әсіресе, жеміс-жидек пен көкөніс 7,1 пайызға, соның ішінде картоп 13,3 пайызға төмендеді. Сонымен қатар күріш - 1,4, қант 3 пайызға көтерілді.

Азық-түліктік емес тауарлар 0,6 пайызға, соның ішінде дәрі-дәрмек - 1,3, бензин 6,5 пайызға қымбаттаса, цемент 13,2 пайызға арзандады.

Ақылы қызмет 1,5 пайызға, соның ішінде білім беру қызметі - 3,3, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер 2,9 пайызға өсті. Әсіресе, электр қуаты - 10,1, кәріз қызметі - 7,3, сумен қамту 2,1 пайызға (салқын су - 10,2 пайызға) көтерілді.

Ал 2008 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда қыркүйекте азық-түлік тауарлары - 2,7, азық-түліктік емес тауарлар - 6,8, ақылы қызмет 7,1 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар