Батыс Қазақстанда лаңкестік топқа үкім шығарылды

ОРАЛ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты облыс аумағында лаңкестік топты ұйымдастыруға және сол топтың қызметіне қатысы бар деген айыппен сегіз адамға қатысты үкім шығарды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдын ала тергеу органдарымен 28 бен 20 жастағы жас азаматтарға исламның салафиттік ағымдағы радикалды көзқарасын ұстанып, мұсылмандар арасында терроризмді және діни экстремизмді уағыздады деген айып тағылған болатын. Олар бұдан басқа да азаматтарды лаңкестік топқа тарту мақсатында терроризмді насихаттайтын материалдар таратқан.

Тергеу органдарының мәліметтері бойынша айыпталушылар өздерінің тәлімгері болуын және әрі қарай қалай әрекет етулеріне нұсқау беруін сұрап, Сауд Арабиясындағы мұсылман басшыларының біріне бейнежолдау жазды делінген. Сонымен қатар топ мүшелері өз жоспарларына қолдану мақсатында жарылғыш заттар жасаумен айналысқанын және басқа топтармен, соның ішінде халықаралық террористік ұйымдармен байланысы бар екендігін, облыс аумағында кеңінен тараған іс-қимылдарын да қоса айтқан.

Тергеу органдарының ұсынысын қанағаттандыру туралы шешімге келген Орал қалалық соты аталған іске қатысты барлық айыпталушыларды 2 айға дейін қамауға алу туралы қаулы шығарған болатын.

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты іс материалдары бойынша барлық жайттарды зерделей келіп, А-ны ҚР ҚК-нің 233-1-бабы 2-бөлімі, 233-2 бабы 1-бөлімі, 233-3-бабы 2-бөлімі, 24-бабы 3-бөлімі , 252-бабы 3-бөлімімен айыпты деп тауып, ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлімін қолданып, түпкілікті жаза қатаңдағы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге;

Г-ні ҚР ҚК-нің 233-2-бабы 2-бөлімі, 233-3-бабы 2-бөлімі, 24-бабы 3-бөлімі , 252-бабы 3-бөлімімен айыпты деп тауып, ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлімін қолданып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге;

Т-ны ҚР ҚК-нің ҚК-нің 233-2-бабы 2-бөлімі, 233-3-бабы 2-бөлімі, 24-бабы 3-бөлімі , 252-бабы 3-бөлімімен айыпты деп тауып, ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлімін қолданып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге;

К. және И-ді ҚР ҚК-нің 233-2-бабы 2-бөлімімен, 233-3-бабы 2-бөлімімен айыпты деп тауып, , ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлімін қолданып, 6 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге;

Г. және Б-ны ҚР ҚК-нің 233-2-бабы 2-бөлімімен, 233-3-бабы 1-бөлімімен айыпты деп тауып, ҚР ҚК-нің 58-бабы 3-бөлімін қолданып, 6 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге;

К-ні ҚР ҚК-нің 233-2-бабы 2-бөлімімен айыпты деп тауып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге үкім етті.

Соңғы жаңалықтар